​ҰЛ немесе ҚЫЗ болуы үшін жыныстық қатынаспен ҚАЛАЙ айналысу керек?

0
39 617

Әсіресе, еркектер мән беретін жағдайлар көп, төсекте...


​ҰЛ немесе ҚЫЗ болуы үшін жыныстық қатынаспен ҚАЛАЙ айналысу керек?

Бүгінде құрсағына бала біткеннің барлығының білгісі келетіні – оның жынысы. Яғни, өмірге атұстар әлде шайқұяр келе ме, бәріне қызық.

Бұрындары мұндай болжамды тек көпті көрген, көп құрсақ көтеріп, көп баланың өмірге келуіне куә болған апа-әжелер ғана жасайтын. Жүкті келіншектің жүріс-тұрысы мен мінезінің өзгерісі, тағамға деген әуесіне қарап-ақ ұл немесе қыз босанатынын айтып беретін деседі.


Ал қазір интернет деген құдірет бар. Ішінде не жоқ десейші?! Қытай, жапон кестесі, қанның жаңаруы, қан тобы мен овуляция күні дейсің бе? Тіпті, ұлды немесе қызды болу үшін жыныстық қатынастың өзімен қалай айналысу керектігіне дейін бар. Әлбетте, әркім әрқайсысына сенеді. Қалай болса да жаратылыс күшінен құдіретті ештеңе жоқ.


Десек те, мамандардың айтуынша, жыныстық қатынас та құрсаққа бітер шарананың жыныса әсер ететін көрінеді. Сонда қалай?


ҰЛ болуы үшін...


Құрсаққа бітер шарананың ҰЛ болуын қалағандар:

  • овуляция күніне дейінгі 3-4 күн бойы жыныстық қатынасқа түспеген жөн, бқл сперматозоидтердің саны артуына септігін тигізеді;
  • еркектер апта бұрын тар ішкиім мен ыстық ваннаға (моншаға) түсуден сақтанғаны дұрыс;
  • әйел тек овуляция күндері ғана жүкті болып үлгеруі керек, басқа күні сақтану шараларын қолдану қажет;
  • әйел еркектен бұрын оргазмға жетіп үлгеруі тиіс;
  • шауһатты мүмкіндігінше ұзақ жіберу арқылы еркек ләззат алғаны жөн;
  • поза да рөл ойнайды, еркек әйелге арқадан жақындауы керек;
  • ұл болуын қалаған еркек мүмкіндігінше тереңірек «барғаны» дұрыс;
  • жыныстық қатынас алдында бір сағат бұрын еркек ыстық кофе немесе кофеині бар газды сусын ішсе, сперматозоид санының артуына себеп болады;
  • егер әйел жайбарақат күйде жатса, жыныстық қатынастан соң сперматозоидтардың орналасу ұзақтығы тура 20 минутқа тең болады;
  • жыныстық қатынас кезінде жасанды лубриканттар қолдаудан аулақ болған дұрыс.



ҚЫЗ керек болса...


Құрсаққа біткен баланың жынысы қыз болуына қалағандар:

  • жыныстық қатынасқа циклдың 5-ші және 8-ші күндері арасында түсу керек;
  • 9-шы, 10-ші және 11-ші күндері жыныстық қатынасқа күніне бір рет қана түсу керек, және төмендегі ережелерді де есте ұстаған жөн;
  • қыз бала сүю үшін ең дұрыс поза – «бетпе-бет»;
  • тез қозатын жағдай жасаған жөн;
  • оргазм кезінде еркек аздап керітартылғаны абзал, тереңірек бойламағаны дұрыс;
  • циклдің 12-ші, 13-ші, 14-ші күндері жыныстық қатынасқа түспеу қажет;
  • сондай-ақ, овуляция күндерінен кейінгі екі күнде де жақындаспаған жөн.

Дереккөз: missfit.ru

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ