​Жыныстық қатынасқа КӨП ТҮСКЕНДЕРДІҢ ғұмыры ҚЫСҚА болады

0
9 003

Аптасына екі рет көрпе бүлкілдеткендердің өмірі 14 жылға қысқаратын көрінеді.


​Жыныстық қатынасқа КӨП ТҮСКЕНДЕРДІҢ ғұмыры ҚЫСҚА болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Осындай тұжырымға келіпті шведтік танымал сексолог Нильс Варборг.Оның мәлімдеуінше, әрбір жыныстық қатынас адамның өмірін 1-2 күнге қысқартатын көрінеді. Бұл дегеніміз, егер адам 20 жаспен 60 жас аралығында орта есеппен алғанда аптасына 2 рет жыныстық қатынасқа түсер болса, оның ақысына өз өмірінің 13,7 жылын «сыйлап» құтылады деген сөз. Яғни, өмірі 14 жылға жуық уақытқа қысқарады.

«Адам жарық дүниеге келгенде өмірлік қуатының белгілі бір мөлшері болады. Ал секс осы қуатты жұмсайды. Сонымен қатар, жыныстық қатынас қан қысымын көтеріп, жүрек қағысын жылдамдатады. Осының әсерінен жүздеген калориялар жұмсалып, гормондарды шайқайды. Мұның барлығы адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.

Иә, адамдар ұзақ өмір сүруі үшін жыныстық қатынастан бас тартпайтыны анық, бірақ бұларды айту менің дәрігерлік парызым», - дейді дәрігер Варборг.

Төсек айналасын зерттеп жүрген сексологтың айтуынша, ол осынау «секс – адам өмірін қысқартады» деген тұжырымға 438 жұпқа тәжірибе жасаған соң барып келген. Өзінің әріптестерімен бірге жыныстық қатынасқа дейін және кейін еркектер мен әйелдерді дәрігерлік тексеруден мұқият өткізіп отырған. Ай өткен сайын олардың мінез-құлқы мен ағзасындағы өзгерісті де назарыларынан тыс қалдырмапты. Әсіресе, олардың жыныстық қатынастағы белсенділігіне ерекше назар аударған көрінеді.

«Біз ағзаның әлсіреуі мен қуаты кете бастағанын жыныстық қатынаспен белсенді айналысқан жандардан көп байқадық. Ағзаның әлсіреу дәрежесі жыныстық қатынастың жилігіне тура пропорционал болды. Біздің анықтауымызша, соңына дейін жеткізілген жыныстық қатынастың әрбірі адам ағзасының өмірін 1 күн 4 сағат 48 минутқа қысқартатыны нақтыланды», - дейді дәрігердің әріптестері.

Варборгтың тобындағы сексологтар осынау зерттеудің нәтижесінде әрбір жыныстық қатынас адам өмірінің 1-2 күнін жалмайтынын анықтаған. Бұл көрсеткіш адамның жыныстық қатынастың қай түрімен айналысқаны және серігінің жынысы қандай болатынына мүлде қатысы жоқ көрінеді.

Зерттеуден соң осындай тұжырымға келген Варборг жыныстық қатынас жасауға мүлде болмайды демейді. Оның кеңесіне сүйенсек, маңызды рөл атқаратын секспен адам аптасына бір рет қана айналысып тұрса жеткілікті. Одан жиі болса, денсаулығы мен өміріне қауіпті көрінеді. Аптасына бір рет қана жыныстық қатынасқа түскендердің өзі ғұмырының 2 жылымен қош айтысады екен. Ал ол аса қорқынышты емес екенін де айтады сексолог.

Айта кету керек, Швецияның астанасы Стокгольмде Нильс Варбогтың ғылыми-зерттеу мектебі ашылған.

Дереккөз: zn.ua

Аударған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


«Бұдан да қыздарға барғаны жақсы еді»: Күйеуінің еркектерге қызығатынын білген келіншектің әңгімесі


«Ошақтан ОТТЫ аяма, күйеуден ТӨСЕКТІ аяма!»