Қатты құмарлықтан кейде оқыс дауыс шығып кетіп жататын кездер жиі болады...
Түрлі жағдай болады. Қабырғаның арғы жағында балалар немесе қонақ бөлмесі болуы мүмкін. Тіпті, үйде ата-енемен бірге тұратын жұптар бар. Бөлмеде емізулі бала ұйықтап жатуы мүмкін. Мұндайда ерлі-зайыптыларға берілген жаратылыстың «тәттісінен» бас тартуға болмайды ғой?!
Ал төсек ләззатының қызығы сол, қатты құмарлықтан кейде дауыс шығып кетіп жататын кездер жиі болады. Ондайда мына әдістерді есте сақтау қажет екен.
Кереуеттен бастайық!
Жатын бөлменің жиһазы жаңа болса, онда төсек ләззатының қызығы кезінде шиқылдап, сықырлап кедергі келтірмесе керек. Егер көрші бөлмеге оның дыбысы естілмесін десеңіз, онда кереуетті қабырғадан әрірек жылжытып қойыңыз. Тақалып тұрмағаны дұрыс.
Ал кереует ескі болса, онда «махаббат майданы» үшін ол жарамайды. Бекерге шырқыңызды бұзып, құмарыңызды қандыруға кедергісін келтіруі мүмкін. Жайманы жерге жайып жіберіп, еркін қимылдаған дұрыс мұндайда.
Бір бөлменің ішіндегі дыбыстар мен дауыстар көрші бөлмеге естілмеу үшін ішінде жиһаз бен кілемнің, перде сияқтылардың көбірек болғаны жөн екен.
Жай қимылдаудан да ләззат алуға болады
Иә-иә! Тап осы жаймен, баппен ырғала әрекет ету – жыныстық қатынас кезінде «екі қоянды бір оқпен атып алуға» мүмкіндік береді.
Жыныстық қатынас кезінде өте жай әрі ақырын қимылдау төсек ләззатын тереңнен сезінуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан мұндай сәтте сақтықты да ұмытуға жол бермейсіз. Артық дауыстар шықпайды, басқа бөлмедегілерді оятып жіберуден аулақ боласыз.
Сонымен қатар, тап осындай сәтте ауызбен емес, мұрынмен терең тыныстауды да меңгеріп алғаныңыз дұрыс. Бұрын жасап көрмегендер ләззаттың тағы бір тәттісін сезінеді мұндайда.
" МҮШЕСІ ҮЛКЕН еді": Төсек қатынасынан қорқып қалған келіншектің әңгімесі
Егер тым «ыстық» жұп болсаңыздар...
Ендеше, еріксіз шығып кететін дауыстардан сүйісу арқылы сақтана аласыз. Артық кетіп бара жатса, жұбыңыздың аузын алақанмен басып белгі беруге болады.
Бірақ, мұндай әдістерді алдын ала айтып, кеңесіп-келісіп алған жөн. Нағыз «майдан» басталғанда жұбыңыз ондай әрекеттерді түсінбей қалуі мүмкін.
Жастықты пайдаланыңыз
Әрине, жастықты ала салып дауысы қатты шығып кеткен жұбыңызды тұншықтырып тастамаңыз. Төсек ләззатын сезінгенде пайда болатын дауыстар шыққанда жұмсақ жастықтын шетін тістеу де жақсы әдіс.
Әсіресе, оргазм кезінде жақсы көмектеседі.
Жоғарыдағы әдістер көмектеспей ме?
Бөлмеге теледидар немесе радио қосып қойыңыз. Бұл ескіден келе жатқан, көптеген жұптар пайдаланып көрген әдіс болса керек. Тек музыка немесе фильмнің дауысына қызығып кіріп кететін балаларды ертерек ұйықтатып немесе есікті іштен ілуді ұмытпауға тиіссіз.
Жуынатын бөлме
Сыртқа білдірмей тән құмарын қандырудың бір тәсілі – ваннадағы жақындық. Әрине, гигиеналық тұрғыда жақсы емес. Сонымен қатар, ол жерде төсектегідей еркін әрі ұзақ ләззаттана алмайтыныңыз белгілі. Дегенмен, іште не боп жатқанын сарылдаған судың дыбысы білдірмейді. Бөлмеңіздің дыбыс өткізгіштігі мен өзіңіздің ұстамдылығыңызға сенбесеңіз, жуынатын бөлме де жарайды.
Дереккөз: goodhouse.kz
Аударған: Ж.Байтұрым,