115-ке 115: Ресей мен Украина тұтқын алмасты

0
467

Мәміле Біріккен Араб Әмірліктерінің делдалдығымен жасалды.


115-ке 115: Ресей мен Украина тұтқын алмасты

ERNUR.KZ. Сенбі күні Ресей мен Украина әскери тұтқындармен алмасып, әрқайсысы 115 адамды үйіне қайтарды. Оралған украиндардың арасында «Азовстальді» қорғаған ондаған жауынгер, орыстардың арасында Курск облысында борышын өтеп жүрген әскери мерзімді қызметкерлер бар, деп жазады inform.kz.

Мәміле Біріккен Араб Әмірліктерінің делдалдығымен жасалды.

БАӘ өкілдері бұл 2022 жылдан бері тараптар арасындағы 55-ші әскери тұтқын алмасу екенін және оның көпшілігі Абу-Дабидің делдалдығымен болғанын атап өтті.

Сенбіге тұтқын алмасу жоспарланғанын сол күні бірінші болып Reuters хабарлады. Оған БАӘ өкілі аноним түсініктеме берген. Бір сағатқа жетер-жетпес уақыт өткенде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі айырбас жасалғанын растады.

Ведомствоның мәліметінше, оралған 115 орыстың бәрі — Курск облысындағы операция кезінде тұтқынға алынғандар.

Қазір олар Беларусь елінде, біраз ем алып, оңалтудан өткеннен кейін үйіне жеткізіледі.

Ресейлік «РИА-Новости» агенттігі орыстардың оралғаны туралы видео жариялады.

Үйге оралған украиндардың арасында шекарашылар, теңізшілер, Чернобыль атом станциясының күзет гарнизонынан алты ұлттық гвардия сарбазы және Мариупольдің 82 қорғаушысы бар, оның 50-і «Азовстальді» қорғау кезінде тұтқынға түскен.

«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, оралған адамдардың тоғызын Ресей соты бірқатар баптар бойынша соттаған.

Осыған сүйене отырып, Ресейде кем дегенде тоғыз адам әскери тұтқын емес, қылмыскер ретінде қамауда болды деп болжауға болады.

БАӘ шенеуніктерінің айтуынша, соғыс басталғаннан бері Украинада Абу-Дабидің делдалдығымен 1788 адам айырбасталған.