Тәжірибеге тәуекел еткендер 20 күндей дәрігерлер мен ғалымдардың жіті бақылауында болады.
ERNUR.KZ. Алдағы аптада Ұлыбританияда коронавирусқа қатысты жаңа зерттеу басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған 18-30 жас аралығындағы 90 адам қатысуы тиіс. Оларға вирус салынады. Тәжірибеге тәуекел еткендер 20 күндей дәрігерлер мен ғалымдардың жіті бақылауында болады. Еріктілерге жылына 4 жарым мың фунт стерлингтен төленеді. Бұл теңгеге шаққанда 2 жарым миллионнан асады.
Зерттеудің мақсаты – адамның иммундық жүйесінің COVID-19-ға қарсы қалай әрекет ететінін анықтау. Сонда ғалымдарда індетке қарсы вакциналарды жетілдіру мүмкіндігі пайда болады. Жоба нәтижесі коронавирусты емдеу әдісіне де әсер етуі мүмкін.