"39 әйелі, 89 баласы бар": Үндістанда әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы қайтыс болды

0
506

Зиона Чана, полигамия (бірнеше әйел алуына рұқсат етілген неке түрі) тәжірибесін ұстанатын діни сектаның жетекшісі.


ERNUR.KZ. Үндістанның Мизорам штатында әлемдегі ең үлкен отбасының 76 жастағы отағасы қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы штаттың бас министрі Twitter-парақшасында жариялады.

"Бүгін әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы Зиона Чана қайтыс болды. Оның отбасы тұратын ауыл шатымыздың басты туристік орындардың бірі болатын. Жатқан жерің жайлы болсын", - делінген министрдің мәлімдемесінде.

Зиона Чана, полигамия тәжірибесін ұстанатын діни сектаның жетекшісі (бірнеше әйел алуына рұқсат етілген неке түрі - авт. ескерт.) 13 маусымда түнде қайтыс болған. Оның 39 әйелі, 89 баласы және 36 немересі бар.

Ер адам қант диабеті мен гипертониядан зардап шеккен. Дәрігерлер Чананың жағдайы Бактанг Тлангнуам ауылындағы үйінде нашарлағанын айтты. Жексенбіде кешке ол ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.

Чана 1945 жылы 21 шілдеде дүниеге келген. Ол алғаш рет 17 жасында үйленді, әйелі Затианга одан үш жас үлкен болған. Отбасында 200-ден аса адам болды. Чананың отбасы әлемдегі ең үлкен отбасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Чана және оның отбасы тұратын Үндістанның солтүстік-шығысындағы ауыл туристердің қызығушылығын тудыратын ерекше орын саналған. Бактанг Зиона ауылында төрт қабатты үй салынған, онда 100 бөлме және 17 жуынатын бөлме бар. Әр бөлмеде 3-4 адамнан тұрады.