Биологтар адам миының бидай түйіріндей бөлігін шыны түтікте өсіріп, тышқанның басына салған.
Америкалық ғалымдар адам ми клеткасының бір бөлігін тышқанға салып, оған қалай әсер ететінін зерттеді, деп хабарлайды ERNUR.kz ria.ru – ға сілтеме жасап.
Биологтар адам миының бидай түйіріндей бөлігін шыны түтікте өсіріп, тышқанның басына салған. «Кішкентай ми» кеміргіштің өз миымен бірге орналастырылды. Нәтижесінде жүйке клеткалары бөгде ағзаға орнығып қана қоймай, дами бастаған. 233 күннің ішінде тышқанға салынған мидың құрылымы мен жетілуі жаңа туған сәбидің миымен бірдей болған. «Адам» миымен жүрген тышқандардың іс-әрекеті өзге кеміргіштерден айрмасы болмаған. Алғашқы кезде тәжірибеде жүргізілген тышқандарға есте сақтау қабілеті бойынша жасалған тест нәтижелі болғанымен, кейін бұрынғы қалпына түскен.
Ғалымдар бұл зерттеудің нәтижесі регенеративтік медицинаға эволюция алып келе алады деген болжам айтады. Яғни жетілдірілген клеткаларды адам миына имплантация жасауға болады деген сенміде.