Бүлдіршін басқа балалармен ойнап жүріп әкесінің көлігінің артқы орындығына отырып алған.
ERNUR.KZ. Ресейдің Ставрополь өлкесінде әкесінің көлігінде ойнап жүрген төрт жасар бала басын терезеге қысып көз жұмды, деп жазады stan.kz.
Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетінің аймақтық департаменті мәлімдеді.
Бүлдіршін басқа балалармен ойнап жүріп әкесінің көлігінің артқы орындығына отырып алған. Ол терезеден басын шығарған сәтінде терезенің басқару түймесін байқамай басқан. Басы қысылған бұлдіршін түймені қайта баса алмаған.
Кейін Балалар ауруханасының жансақтау бөліміне дереу жеткізілген бала есін жимастан көз жұмды.