АҚШ-та күшті дауылдан соң өлімге әкелетін бактерия тарап жатыр: Сегіз адам көз жұмды

0
323

Мамандардың айтуынша, оның симптомдары улануға ұқсас: жүрек айну, құсу және диарея болады.


АҚШ-та күшті дауылдан соң өлімге әкелетін бактерия тарап жатыр: Сегіз адам көз жұмды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. АҚШ-та “Хелен” дауылынан соң су басқан аймақтарда өлімге әкелетін улы бактериялар тарап жатыр. Флорида штатында жағалаудағы бес қалада инфекцияның 64 жағдайы анықталып, сегіз адам көз жұмды, деп жазады stan.kz.

Көшелер мен су басқан үйлерде өлімге әкелетін Vibrio vulnificus бактериясы табылды. Ол адам ағзасына ашық жаралар арқылы еніп, некротикалық фасциит тудырады. Басқаша айтқанда, жұмсақ тіндер тез бұзылады.

Мамандардың айтуынша, оның симптомдары улануға ұқсас: жүрек айну, құсу және диарея болады. Биыл жергілікті билік бактерияларды жұқтырғандар санының алты есе артқанын хабарлады. Дәрігерлер бұл өсімді миға қонымсыз деп санайды.

Еске салсақ, АҚШ-та қыркүйек айының соңында 19 жылдағы ең жойқын "Хелен" дауылы соғып, 227 адам құрбан болған.