"Ақтауға келмейтін әрекет": Путин Газа секторындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

0
386

ХАМАС кепілде 200-ден астам израильдікті ұстап отыр.


ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Таяу Шығыста террористерді жазалаудың орнына бейбіт тұрғындарға соққы жасап жатқанын және бұл әрекетті ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Путин Махачкала әуежайында болған оқиғадан кейін шұғыл жиын өткізіп, тәртіпсіздіктер кезінде арандатушылық болғанын айтты. Әлеуметтік желілер арқылы шетелден, соның ішінде Украина жерінен де адамдарды көшеге шығуға үндеген. Ал ұлтаралық араздық пен хаос тек сырттағы дұшпандарға ғана тиімді. Осы орайда Ресей президенті Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты өз ойын да ашық айтты.
"Газа секторында ешкімді аяп жатқан жоқ, жүздеген мың кінәсіз адамды қырып жатыр. Олар ешқайда қаша алмай отыр, бомбалардан тығылатын жер де жоқ. Бұл – еш ақтауға келмейтін әрекет", - деді Путин.
Ресей президенті қазіргі қақтығыс террористік шабуылдан басталғанын да еске салды. Бірақ террористерді жазалаудың орнына бейбіт тұрғындарға соққы жасалып жатыр.
"Біз Таяу Шығыстағы дағдарыстың бүгінгі оқиғасы неден басталғанын ұмытқан жоқпыз. Израильдің бейбіт тұрғындарына террористік шабуыл жасалды. Бірақ біз террористерді жазалаудың орнына, өкінішке қарай, ұжымдық жауапкершілік ұстаныммен өш алуды бастағанын да көріп отырмыз", - деп атап көрсетті Путин.
Айта кетері, Палестина денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпарат бойынша Газа секторында құрбан болғандардың саны 8 мың адамнан асты. 18 мыңнан астамы жарақат алды. Қақтығыс кезінде 20 Ресей азаматы қаза тапты. Үшеуі кепілге алынды деген болжам бар, тағы бірнешеуі хабарсыз кетті. ХАМАС кепілде 200-ден астам израильдікті ұстап отыр.