21 сағатқа созылған операцияға 140-тан астам хирург қатысқан.
Әлемде тұңғыш рет адамның көзіне трансплантация жасалды, деп жазады 24.kz.
Операцияны Нью-Йорк емханасының хирургтері жасаған.
Науқастың көру қабілеті әзірге қалпына келмесе де, дәрігерлер бұл медицинадағы үлкен жаңалық дейді. 21 сағатқа созылған операцияға 140-тан астам хирург қатысқан.
Науқас әлі де біраз бақылауда болады. Ол осыдан 2 жыл бұрын 7200 вольттық тоққа түсіп, оның сол жақ бетіне, мұрны, аузы, сол көзі мен қолына үлкен зақым келген екен.
- Көз трансплантациясының өзі - алға жасалған үлкен қадам. Бұл ғасырлар бойы адамзат ойында болғанымен, осы уақытқа дейін орындалмай келген іс болатын. Көз алмасын алмастыру арқылы көру қабілеті қалпына келмесе де, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады, - дейді хирург Эдуардо Родригес.