Әлемде аштықтан зардап шеккендердің саны 122 миллионға өсті

0
1 184

Былтыр әлемде 735 миллионға жуық адам аштыққа тап болды.


Әлемде аштықтан зардап шеккендердің саны 122 миллионға өсті

ERNUR.KZ. БҰҰ сарапшылары егер бұл тенденция жалғаса берсе, онда 2030 жылға қарай «аштықты тоқтату – тұрақты дамудың мақсаты» орындалмайтынын айтып отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Климат, коронавирустық пандемия және жаһандық қақтығыстар, соның ішінде Украинадағы соғыс салдарынан туындаған дағдарыстарға байланысты 2019 жылдан бері әлемде аштықтан зардап шеккендердің саны 122 миллионға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының қатысуымен дайындалған «әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану жағдайы» атты соңғы баяндамада айтылған.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, өткен жылы әлемде 735 миллионға жуық адам аштыққа тап болды. 2019 жылы бұл көрсеткіш 613 миллионды құрады.

Африка ең көп зардап шеккен аймақ болып қала береді: құрлықта әрбір бесінші адам аштыққа ұшырайды, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен екі еседен асады. Батыс Азия мен Кариб теңізінде аштық деңгейі өсті.

Жалпы алғанда, әлем халқының шамамен үштен бір бөлігі азық-түлікке тұрақты қол жеткізе алмады. Сонымен қатар, 900 миллионға жуық адам тапшылықты бастан өткерді.

Азия мен Латын Америкасында аштыққа қарсы прогресс байқалды.