Вирус жұқтырған сот-медициналық маманның ауруы ұзаққа созылған, соңында қайтыс болған.
ERNUR.KZ. Бангкокта сот-медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған науқастың мәйітін тексеру барысында өзі вирус жұқтырып алған. Бұл әлемде қайтыс болған адамнан COVID-19 берілуінің алғашқы оқиғасы, деп жазады Stan.kz.
Марқұмнан коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігер жайлы ғылыми мақаланың авторлары - RVT медициналық орталығынан Вон Сривидиталаи және Д.Патиль атындағы үнді университетінің қызметкері Вира Виваниткит болды.
"Вирус жұқтырған сот-медициналық маманның ауруы ұзаққа созылды және өлімге әкелді. Зерттеуге сәйкес, Бангкок ауруханасының маманының тірі адамнан жұқтыру ықтималдығы екіталай: оның ортасында вирус тасымалдаушысы табылмады", - деп жазады авторлар.
Олар дәрігердің үнемі марқұмдармен жұмыс жасайтынын және, мүмкін, науқастардың бірінің мәйітін тексеру барысында коронавирус жұқтырғанын айтады.
"Біздің білуімізше, бұл әлемде өлі денеден COVID-19 инфекциясының алғашқы жұқтыру оқиғасы, сондай-ақ патологиялық анатомия бөліміндегі медициналық қызметкерлер арасында коронавирустың алғашқы қайтыс болуы", - дейді Сривидиталаи мен Виваниткит.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында жарияланған ұсыныстарына сәйкес, коронавирустан қайтыс болған адамдардың денелерімен жұмыс жасағанда ерекше сақ болу керек. Бұл шара өте маңызды, өйткені инфекцияның қалай тарайтыны толық анықталмаған. Ережеге сәйкес, сот-медициналық сарапшылар мен патологтар қайтыс болған адаммен байланыста COVID-19 жұқтырмас үшін қорғаныш костюм, көзілдірік, қолғап және медициналық маска кию керек.