Жалпы жер жүзінде 176 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, күн сайын 290 мыңнан аса жаңа дерек тіркеледі.
ERNUR.KZ. Әлемде COVID-19 вирусының үшінші толқыны болады деген қауіп бар, деп хабарлайды Хабар24.
Әсіресе, вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші күрт артты. Көрші Ресей мен Қырғызстанда коронавирустың таралу көрсеткіші өткен жылдан да асып түсті. Бірақ еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қазақстанның қазіргі эпидемиологиялық ахуалы тұрақты екенін айтты. Дегенмен сақтық шараларын ұмытпаған абзал. Осы орайда Ерлан Қиясов шетелде демалуға ниетті азаматтарды СOVID-19–ға қарсы вакцина алуға шақырды.
Жалпы жер жүзінде 176 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, күн сайын 290 мыңнан аса жаңа дерек тіркеледі. Төрт миллионға жуық адам көз жұмды.