Жерлеу рәсіміне Сирия, Ауғанстан, Мьянма, Беларусь және Венесуэла, Ресей елдерінің өкілдері қатыспайды.
ERNUR.KZ. Әлем көшбасшылары патшайым II Елизаветаны жерлеу рәсіміне Лондонға келді, деп жазады tengrinews.kz.
Телеарна мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байден мен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Ұлыбритания астанасына келген. Жерлеу рәсіміне орай Лондонға 500-ге жуық мемлекет басшылары мен шетелдік мәртебелі меймандар келеді деп күтіліп отыр.
Жерлеу рәсіміне Сирия, Ауғанстан, Мьянма, Беларусь және Венесуэла, Ресей елдерінің өкілдері қатыспайды.
II Елизаветамен қоштасу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйек кешке аяқталады.