Отбасы тұрмысы нашар отбасы ретінде есепте тұрған.
ERNUR.KZ. Алтай өлкесінде бір әйел сегіз жасар ұлының көзінше кішкентай қызын тірідей өртеп жіберді, деп жазады zakon.kz.
Ресейдің Алтай өлкесі бойынша тергеу комитетінің мәліметінше, әйел 20 ақпан күні әйел 1,5 жасар қызын қоймаға алып барған.
"Шешесі қызының үстіне жанғыш сұйықтық шашып, 8 жасар ұлының көзінше оны өртеп жіберген, сонан соң ол оқиға орнынан қашып кеткен. Бала алған жарақаттарынан көз жұмды", - дейді Ресей Федерациясының Алтай өлкесі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметі.
Кейін белгілі болғандай, отбасы тұрмысы нашар отбасы ретінде есепте тұрған, бұрын сот әйелдің ата-ана құқығын шектеген.
Ведомство өкілдері әйелдің ұсталғанын мәлімдеді.
Алтай өлкесінің балалар құқығы жөніндегі уәкілі Ольга Казанцева бұл отбасынан екі бала балалар үйіне алынғанын атап өтті.
"Отбасында тағы екі бала бар, ал қызға қатыгездік 8 жасар ұлының көзінше жасалып жатыр. Балалар мемлекеттік мекемелерге орналастырылды. Губернатор жағдайды жеке бақылауына алды", – деді ол.