Түркияның кей өңірлерінде жеміс ағаштарының 60 пайызын үсік шалған

0
114

Кей өңірлерде гүлдеп тұрған ағаштардың 10 пайызы үсіп кетсе, кей жерлерде бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін жетеді.


Түркияның кей өңірлерінде жеміс ағаштарының 60 пайызын үсік шалған

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Түркияда өткен аптада күннің күрт суытуынан 34 облыста 16 түрлі өнімді үсік шалған, деп жазады zakon.kz.

Кей өңірлерде гүлдеп тұрған ағаштардың 10 пайызы үсіп кетсе, кей жерлерде бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін жетеді.

Қазір әр шаруашылықтың шығыны нақты есептеліп, мемлекеттен көмек беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Министрдің айтуынша, суыққа ұрынған өнімдердің барлығы дерлік жеміс-жидектер. Сондықтан биылғы жазда көкөніс тапшылығы болады деген пікірлер негізсіз.

Естеріңізге салайық, өткен аптада Түркияда ауа температурасы минус 15 градусқа дейін төмендеп, соңғы 30 жылдағы ең суық ауа райы тіркелген болатын.

"Нақты шығындарды есептеу үшін тағы біршама уақыт қажет. Себебі кей өнімдер суыққа ұрынса да қайта гүлдеп, жеміс беруі мүмкін. Ауыл шаруашылығы сақтандыру полисі бар диқандардың шығындары бірден өтеледі. Ал сақтандыруы жоқ шаруашылықтардың егістікке жұмсаған нақты қаржылары ғана қайтарылады."Ибраһим Юмаклы, Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі