Америка TikTok желісіне қатысты Қытайға бір жыл уақыт берді

0
415

Бірнеше ел қазір желіні бұғаттау мәселесін қарастырып жатыр, оның ішінде Қазақстан да бар.


Америка TikTok желісіне қатысты Қытайға бір жыл уақыт берді

ERNUR.KZ. АҚШ сенаты бірқатар заң пакетін мақұлдады. Оның ішінде АҚШ-тағы TikTok-қа тыйым салу туралы бастамасы енгізілген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Заң шығарушылар қытайлық bytedance компаниясына әлеуметтік желіні сатуға бір жыл уақыт беруді ұсынады, әйтпесе АҚШ-та TikTok-қа тыйым салынуы мүмкін.

Қырғызстанда да қытайлық әлеуметтік желі ішінара бұғатталды. TikTok-қа тыйым салу мәселесі Қазақстанда да айтылып жатыр.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл мәселені қарастыру керегін айтты. Министрдің айтуынша, аталған әлеуметтік желіде фейк ақпарат пен құқық бұзатын контент көп.

«Біз бұл мәселені зерделеп жатырмыз. Әлеуметтік желіде алаяқтық пен жалған ақпаратты тарату көбейді. Әлеуметтік желіні ашқанда түрлі контент бар. Есірткіні тарату, порнографиялық материалдар, ересектер мен балаларға буллинг жасау, экстремистік материалдар бар. Олардың барлығы мониторингіден өтеді. Алайда олар көбейіп кетті. Мен министр ретінде бұл мәселені қарастыруымыз керек деп ойлаймын. Бізде оны балалар көреді. Онда анайы сөздер айтылып, көріпкелдер қарт ашып отыратыны рас қой», - деді Балаева.

Министр атағандай, сол себепті де көптеген ел әлеуметтік желіні бұғаттап жатқанын айтты.