17 жастағы жеткіншек адам өлтіргені үшін өмір бойына сотталған.
ERNUR.KZ. Американың Мичиган штатында мектеп оқушыларын атып өлтірген жеткіншектің ата-анасы 10 жылға сотталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
2021 жылы Итан Крамблей үйіндегі тапаншаны алып шығып, мектепке келген, сосын 4 оқушыны атып өлтірген. Ол қазір 17 жаста, адам өлтіргені үшін өмір бойына сотталған.
Жеткіншектің ата-анасы үйдегі тапаншаны қауіпсіз жерге тығып ұстамай, баласының психологиялық денсаулығына назар аудармаған деген айыпқа ілініп отыр. Олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Баланың қылмысы үшін ата-анасын соттау АҚШ тарихындағы алғашқы жағдай.
«Бұл сіздердің нашар тәрбие бергендеріңізді білдірмейді, тек «пойызды» уақытында үлгіріп, тоқтату керек еді», - судья Шерил Мэтьюз.