Америкада бункерге деген сұраныс 10 есеге артқан

0
818

Сұраныстың артынуа, негізінен, геосаяси тұрақсыздық себеп екені айтылады.


Америкада бункерге деген сұраныс 10 есеге артқан

ERNUR.KZ. Мұндай мәліметпен британдық басылымға бункер мен паналаушы орын сияқты қорғаныс құрылымдарын салуға маманданған rising S компаниясының басшысы Гари Линч бөліскен, деп жазады Zakon.kz.

Сұраныстың артынуа, негізінен, геосаяси тұрақсыздық себеп екені айтылады.

Линч наурыз айында өз компаниясының бункер сатып алғысы келетіндерден үш мыңнан астам сұраныс келіп түскенін айтты. Ақпан айында ғана компания жүз өтінімді тіркеген. Бункерлердің құны 70-тен 240 мың долларға дейін (32 млн-113 млн теңгеге дейін) барады.

Бизнестің осы саладағы басқа да кәсіпкерлері сұраныстың артқанын растайды.

Сонымен қатар, интернетті пайдалана отырып, өздігінен бас сауғалайтын орын салып алуды жөн көргендер де пайда болған. Америкалықтардың мамандандырылған ресурстарында "ядролық", "радиацияға ұшырау" және "йод" ілмек сөздері ең танымалы болып тұр.

Сарапшылар бункерлерге сұраныстың күрт артуын тек Украинадағы жағдаймен байланыстырғысы келмейді. Олардың кейбірі оған деген сұраныс коронавирус пандемиясының орын алуына байланысты 2020 жылы арта бастағанын айтты.