52 жастағы жүргізуші ауруханада қайтыс болды.
ERNUR.KZ. АҚШ тұрғынына такси жүргізушісін өлтірді деген айып тағылды. Ол жүргізуші өзін ұрлап, Мексикаға апара жатыр деп ойлаған, деп жазады ҚазАқпарат.
Техас штатындағы Эль-Пасо қаласы полициясының мәліметінше, көлікте отырған әйел «Сьюдад-Хуарес, Мексика» деген жол белгісін көріп, өзін Мексикаға апара жатыр деп ойлаған.
Ойланбастан сөмкесінен тапаншасын алып, жүргізушінің басынан атқан. Көлік жол жиегінде қоршауға соғылған.
52 жастағы жүргізуші ауруханада қайтыс болды.
Американың Эль-Пасо қаласы мен Мексиканың Сьюдад-Хуарес қаласы шекараның екі жағында орналасқан.
Қалалар арасындағы қашықтық - 3 шақырым.
Әйел - Кентукки штатының тұрғыны. Ол Эль-Пасоға жігітіне қонаққа келген.
Болжам бойынша ол 911 нөміріне қоңырау шалып, кейін жүргізушіні суретке түсіріп, жігітіне жіберген.
«Тергеу адам ұрлау, сондай-ақ жүргізушінің бағытынан қасақана ауытқу нұсқасын қарастырмайды», - делінген баспасөз хабарламасында.