Америкалық ғалымдар сынақ жасауға қажет маймылдар тапшы екенін айтты

0
1 105

Бұған дейін АҚШ-қа маймылдарды негізгі жеткізуші Қытай болған.


Америкалық ғалымдар сынақ жасауға қажет маймылдар тапшы екенін айтты

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Америкалық ғалымдар сынақ жасауға қажет маймылдар тапшы екенін айтты. Салдарынан бірқатар зерттеуді уақытында жүргізе алмай отыр, деп жазады sputnik.kz.

"Бірқатар зерттеу жүргізіп жатқан ғалымдар адам тәрізді емес приматтарды сатып алудағы қиындықтарға байланысты кешіктірулер бір жылға дейін созылып жатқанын айтты. Ғалымдар олар ерте зерттеуде дәрі-дәрмек қауіпсіздігін дәлелдеу үшін қажет екенін мәлімдеді", - деп жазылған мақалада.

Айта кетері, бұған дейін АҚШ-қа маймылдарды негізгі жеткізуші Қытай болған. Бірақ 2020 жылы билік оларды экспорттауға тыйым салды.

Осы себепті 2019-2022 жылдар аралығында маймылдың бағасы үш есеге өсті. Evercore ISI болжамы бойынша, 2023 жылы бұл көрсеткіш 30-35 мың долларға дейін артады.
Жеткізушілер АҚШ билігі Камбоджа шенеуніктерін зерттеу мақсатында АҚШ-қа маймылдарды заңсыз әкелді деп айыптаған. Осыдан кейін Камбоджадан импорттау кезінде кедергілер туындауы мүмкін.