Англияда бір реттік пластик заттарды тұтынуға тыйым салынды

0
881

Англия тұрғындары жыл сайын 5 миллиардқа жуық түтікше мен 80 миллиард мақталы таяқшаны қоқысқа лақтырады екен


Англияда бір реттік пластик заттарды тұтынуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Англияның барлық аумағында кейбір бір реттік пластик заттарға тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың қатарында пластик ыдыстар, сұйықтық ішуге арналған түтікшелер мен мақталы таяқшалар бар. Осылайша, ел билігі табиғатқа лақтырылатын пластик қалдықтардың санын азайтпақ екен. Өйткені қоршаған ортаны қорғау департаментінің дерегінше, Англия тұрғындары жыл сайын 5 миллиардқа жуық түтікше мен 80 миллиард мақталы таяқшаны қоқысқа лақтырады екен.

Айта кетейік, аталған заң сәуір айында күшіне енуі керек еді. Алайда індет кесірінен кейінге қалдырылды.