Таяуда Аргентина басшысы коронавирусқа қарсы ресейлі "Спутник V" вакцинасын 60 жастан асқандарға салдыруға рұқсат берді.
ERNUR.KZ. Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырды, деп жазады tengrinews.kz.
"Альберто Фернандес ресейлік вакцинаның алғашқы дозасын салдырды, - деп хабарлады президент әкімшілігі. Президент бүгін таңертең Посадас ауруханасында вакцина салдырды", - деп жазды Razon басылымы Twitter желісіндегі парақшасында.
Таяуда Аргентина басшысы коронавирусқа қарсы ресейлі "Спутник V" вакцинасын 60 жастан асқандарға салдыруға рұқсат берді. Бұған дейін оған рұқсат етілмеген, сондықтан Аргентинаға келген алғашқы дозалар 18 бен 59 жас аралығындағы медицина қызметкерлері және қарқынды терапия қызметкерлеріне салынды.
Коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы Аргентина, Боливия, Сербия, Венгрия, Алжир, Палестина, БАӘ, Венесуэла, Парагвай және Түрікменстанда тіркелген.