Бәс саудада кенепке салынған ең үлкен туындының ақтық бағасы 12 миллион долларға жетті.
ERNUR.KZ. Ұлыбританияда атақты суретші Бэнксидің «Азғындаған парламент» картинасы рекордтық сомаға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бәс саудада кенепке салынған ең үлкен туындының ақтық бағасы 12 миллион долларға жетті. Бұл бәссауда ұйымдастырушылары күткен сомадан шамамен 5 есеге көп. Британ парламентіндегі депутаттарды маймыл бейнесінде көрсеткен шулы туындының ені – 4, биіктігі 2 жарым метр. Бэнкси оны бұдан 10 жыл бұрын салған.