Ұлыбританияның ішкі істер министрі қателігін мойындап қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ұлыбританияның ішкі істер министрі қателігін мойындап қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Үлкен өкінішпен ішкі істер министрі қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Өйткені ел парламентіне заңсыз мигранттарға қатысты жаңсақ дерек көрсеттім, енді бұл жерде қала беруім қисынсыз», – дейді Ұлыбританияның ішкі істер министрі Эмбер Радд Тереза Мэйға жазған хатында.
1940 жыл мен 1970 жылдар арасында корольдікке ауып келген Африка елдері мен Кариб аралдарының азматтарына қатысты қатаң шешім қабылданып, оларды түпкілікті тұрғын санатына жатқызуға мүмкіндік беретін қаулы қабылданған. Бірақ Эмбер Радд басқаратын министрлік сол заңға шекесінен қарап, Қауымдар палатасында есеп беру кезінде мұндай тәжірибеден хабарсыз екенін мәлімдеген. Бірақ көп кешікпей баспасөз бетінде Раддтың өткен жылы үкімет басшысына жазған хаты жарияланып, мәселеден хабардар екендігі анықталды.
Ал даудың басы сонау 1948 жылы Ямайкадан Ұлыбританияға келген мигранттарға қатысты туындаған. Себебі олар Біріккен Корольдікте жарты ғасырдан астам уақыт өмір сүріп келеді. Бірақ соған қарамастан, 2012 жылғы заңға сәйкес, елдеріне қайта қайту қаупі төнді. Осы жағдайға байланысты өз қатесін түсінген министр саналы түрде қызметінен бас тартып отыр.