Әуежайда ұшақтар соғысып қалды

0
1 192

Оқиға нөсер жауын-шашын кезінде болған. Осы жағдайға байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді.


Әуежайда ұшақтар соғысып қалды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның Кимпхо әуежайында екі ұшақ соқтығысты. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады, деп жазады 24.kz.

«Air Korean» әуе компаниясының ұшағы «Asiana Airline» әуе кемесін жанап өткен. Салдарынан екеуіне де зақым келді. Алдын ала дерек бойынша, қос ұшақта жолаушы болмаған. Бірде бір адам жарақат алған жоқ. Оқиға нөсер жауын-шашын кезінде болған. Осы жағдайға байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді.

Айта кетейік, Кимпхо халықаралық әуежай көбінесе ішкі рейстерді қабылдайды.