Оқиға 12 мамырда орын алған.
ERNUR.KZ. Ауғанстан астанасы Кабулда аурухана мен перзентханаға лаңкестік шабуыл жасалды, деп хабарлайды Хабар24.
Шабуыл салдарынан 24 адам қаза тапты.
Шабуыл салдарынан 22 әйел, полиция қызметкерлері мен бір шабуылшы көз жұмған.
Оқиға 12 мамырда болды. Алдымен мекеменің кіреберісінде жарылыс болып, содан кейін ғимаратқа қарулы адамдар кірген.