Ауруханалар мен мәйітханалар толып кеткен: Пәкістанда аптап ыстықтан 600-ге жуық адам көз жұмды

0
1 845

Қаладағы ауа температурасы 40°С көрсеткенімен, ылғалдылықтың жоғары болуына байланысты 49-50°С ыстық сезілді.


Ауруханалар мен мәйітханалар толып кеткен: Пәкістанда аптап ыстықтан 600-ге жуық адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Пәкістандағы аптап ыстықтан мыңдаған адам ауруханаға түсіп, жүздеген адам қаза тапты, деп жазады Stan.kz.




Ақпаратқа сәйкес Пәкістанның ең үлкен қаласы Карачиде құрбан болғандар көп.

Қаладағы ауа температурасы 40°С көрсеткенімен, ылғалдылықтың жоғары болуына байланысты 49-50°С ыстық сезілді.

Жедел жәрдем қызметін басқаратын Эдхи қорының басшысы Фейсал Эдхи алдыңғы апталармен салыстырғанда осы аптада көз жұмғандардың көп екенін мәлімдеді.

Әдетте Карачи қалалық мәйітханасына күніне 30-40 мәйіт келсе. Соңғы алты күнде 568-ге мәйіт жеткізілген. Сондай-ақ көз жұмғандардың басым көпшілігі қаланың кедей аудандарында тұрған.

Карачидегі үш мәйітхана 264 мәйітке арналған. Алайда жүктеменің жоғарылығынан үш мәйітті бір орынға жатқызуға тура келген.

"Біз үш мәйітті бір сөреде ұстауға мәжбүрміз. Сондай-ақ орын бостау үшін 22 мәйітті тез арада жерлеуге тура келді", – дейді Фейса Эхди.

Карачи азаматтық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің басшысы Имран Сарвар Шейх Associated Press агенттігіне жексенбі мен сәрсенбі аралығында аптап ыстықтан 267 адам көмекке жүгінгенін, олардың 12-сі кейін қайтыс болғанын айтты.