Қар астында қалған екі шаңғышыны прожектормен жабдықталған 200-ге жуық адам іздеп жатыр.
ERNUR.KZ. Австрияның Форарльберг аймағындағы Лех/Цюрс тау шаңғысы курортында 25 желтоқсанда қар көшкіні астында қалған шаңғышылар іздестіріліп жатыр, деп жазады zakon.kz.
Kronen Zeitung газетінің хабарлауынша, қар массасы жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де түсіп, оның астында 10 адам қалған. Құтқарушылар сегіз шаңғышыны тапты. Олардың барлығы - шетелдік туристер. Кем дегенде біреуі жарақат алған.
Қар астында қалған екі шаңғышыны прожектормен жабдықталған 200-ге жуық адам іздеп жатыр. Арнайы үйретілген иттер мен бірнеше тікұшақтар да әкелінді.
2 желтоқсанда Шығыс Қазақстанда қар көшкіні адамдар мінген көлікті басып қалды.