Салқын тиген шаңғышы шұғыл ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Австриялық құтқарушылар бес сағат бойы қалың қар астында жатқан 26 жастағы шаңғышыны аман-есен шығарып алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Шаңғымен сырғанауға кеткен 26 жастағы ер адамның қайта оралмағандығы жайында полицияға оның жолдасы айтқан.
Ол шаңғышының ұялы телефонына қоңырау шалған, бірақ желіде тек шуылдаған дыбыс ғана естілген.
Құтқарушылар оның Плешниццинке тауы бөктерінің қай жерінде жатқанын электронды трансивердің көмегімен екі сағаттан соң тапқан.
Гробмингтің бірнеше құтқарушылары мен жергілікті полиция үш сағат бойы қарды аршып, ер адамды шығарып алды. Салқын тиген шаңғышы шұғыл ауруханаға жеткізілді.
Құтқарушылардың бірі Штефан Шрёктің айтуынша, қардың астында бес сағат бойы жату өте сирек кездесетін оқиға. Мұндай жағдай Австрияда жиырма жылдың ішінде бір рет қана болуы мүмкін. Өйткені қалың қар астында оттегінің жетіспеуінен 15 минуттан кейін тірі қалу мүмкін емес.
«Оның жолы болды. Өйткені қар астында едәуір үлкен «ауа қалтасы» пайда болған», -дейді құтқарушы Фердинанд Преннер.