​Қайтыс болған қайыршының есепшотында миллион доллар бар екені анықталды

0
3 477

ERNUR.KZ. Қайыр тілеп күн көріп жүрген Фатима Отман есімді әйелдің банктегі есепшоттарында 1 млн-нан астам долларды сақтап жүргені анықталды.


​Қайтыс болған қайыршының есепшотында миллион доллар бар екені анықталды

иллюстрациялық фото: ivday.ru

ERNUR.KZ. Қайыр тілеп күн көріп жүрген Фатима Отман есімді әйелдің банктегі есепшоттарында 1 млн-нан астам долларды сақтап жүргені анықталды, деп жазады lenta.ru.

Ливанның Бейрут қаласында жүрек талмасынан қайтыс болған 52 жастағы жастағы әйелдің өлі денесі ескі автокөліктің ішінен табылған. Мәйіттің жанында ішінде 5 млн ливан фунты (1 090 000 теңгеге жуық) мен банкте сақтаған 1,75 млрд ливан фунты (1 млн-нан астам АҚШ доллары) көрсетілген жинақ кітапшасы салынған сөмке болған.

Қаңтар айынан бері қайыршының есепшотындағы сома 25 млн ливан фунтына өскен.

Фатима Отманның тума дене кемістігі болған. Оның қолдары жансыз, сондай-ақ өз бетінше жүре де алмаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол соңғы 20 жыл бойына үйсіз-күйсіз, қайыршы болып ескі автокөліктердің қаңқасын паналап жүрген. Қаңғыбас әйелге айына бір рет белгісіз ер адам келіп тұрған көрінеді. Әйел сонымен бірге кетіп, бір күннен соң оралып жүрген. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ер адам оны дәрігерге көрсетуге апарып жүрген.

Полиция қызметкерлері қайтыс болған қаңғыбас әйелдің анасын, екі ағасы мен бес сіңлісін іздеп тапты. Олар Ливанның солтүстігінде тұрған және бауырларының банк есепшотында осынша байлығы бар екендігін білмеген болып шықты. Туыстары миллион доллар қалдырған бауырларының денесін жерлеу үшін өздерінің туған қаласына алып кеткен.

Бұған дейін 2008 жылы Үндістанның Калькутта қаласыныңтұрғыны қайыршы Лакшми Дас есімді әйел 40 жыл бойына тапқан тиын-тебенін 4 шелек етіп банктегі өз есепшотына аударған. 4 шелек тиынды банк қызметкерлері 3 күн санаған.