Әзербайжан 550 армян әскері қаза тапқанын және жараланғанын мәлімдеді - БАҚ

0
677

Армения тарапы бұл мәліметті растаған жоқ.


Әзербайжан 550 армян әскері қаза тапқанын және жараланғанын мәлімдеді - БАҚ

ERNUR.KZ. Әзербайжан 550 армян әскері қаза тауып, жараланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Trend агенттігі елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады, деп жазады Тengrinews.kz.


"Таулы Қарабақтағы Талыш ауылында болған қақтығыс барысында 550-ден аса армян әскері қаза тауып, жараланды.
Операция өткізілген күннің соңында алынған барлау мәліметі бойынша армян әскерінің 22 танкісі мен басқа да брондалған техникасы, 15 "ОСА" зенит-зымыран кешені, 18 ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА), 8 артиллериялық қондырғысы жойылған. Сондай-ақ, армян әскерінің әртүрлі бағыттағы 3 оқ-дәрі қоймасы жойылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Әзербайжан Арменияның десанттық-шабуыл батальонының командирі, подполковник Лерник Бабаянның өлгенін мәлімдеді. Ол басқарған әскери бөлімнің жеке құрамы айтарлықтай шығынға ұшыраған.
Армения тарапы бұл мәліметті растаған жоқ.
Еске салайық, 27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді.