Үкіметтен қайыр болмаған соң, кейуана істі өз қолына алады. Ол Меккедегі қажылыққа барамын деп жинап жүрген ақшасын көпірдің күрделі жөндеуіне жұмсапты.
Тәжікстанның Зарапшан ауданының тұрғыны, 68 жастағы зейнеткер Райхонпочо Охунова ұзақ жылдар бойы Меккедегі қажылыққа баратын ақша жинап жүрген екен. Бірақ соңғы уақытта шешімін өзгертіп, өзен үстіне екі ауылдың арасын жалғастыратын көпір салу үшін барлық ақшасын жұмсаған деп хабарлайды today.kz.
Зарапшан өзенінің маңында ауылдар көп. Бұрын мұнда жаяу жүргіншілерге арналған ағаш өткелдер болатын. Кейін мұнда жаяулар тұрмақ, автомобильдерге арналған көпір салынған екен. Уақыт өте келе ескірген көпір де жарамсыз болып қалған.
«Көпір апатты жағдайда болғандықтан жүргіншілер жанын шүберекке түйіп өтетін. Оған кұрделі жөндеу жүргізу мүмкін емес еді» - дейді Р. Охунова.
Үкіметтен қайыр болмаған соң, кейуана істі өз қолына алады. Ол Меккедегі қажылыққа барамын деп жинап жүрген ақшасын көпірдің күрделі жөндеуіне жұмсапты. Осылайша аталмыш аудандағы бес ауылды – Мадрушкат, Вардочит, Фалахмон, Хайрабад және Табаспинді қосатын жаңа көпір пайда болды. Осылайша қарт зейнеткер сауапты іс жасады (Тәжікстанда күнкөріс деңгейінің төмен екендігін ғаламтордан көріп жүрміз).
Ресми деректер бойынша зарапшан аймағында жергілікті тұрғындардың күшімен соғылған 5 көпір бар.