Елде жұмыс күні уақыты ұзарды.
ERNUR.KZ. Біріккен Араб Әмірліктері жұма күні демалыстан бас тартқан алғашқы ислам мемлекеті болды, деп жазады Zakon.kz.
РИА Новости хабарлағандай, мұндай шешімді аталған елдің үкіметі қабылдады.
Апта ішінде БАӘ үшін жұма күні ресми жұмыс уақыты — 4,5 сағат. Ол 7:30-дан күндізгі 12 күнге дейін созылады. Ал демалыс күндері сенбі және жексенбі, сондай-ақ жұманың жартысы демалыс күні болып есептеледі.БАӘ Үкіметінің шешімі
Мешіттердегі жұма намазы ел бойынша бір уақытта өтеді және жергілікті уақыт бойынша 13:15-тен басталады. Бұған дейін жұма намазы 11:00-де басталып, 13:00-де аяқталатын.
Ал, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жұма күні қашықтықтан жұмыс істеу құқығына ие.