"Балаларына мұра қалдырмаймын" деген атақты миллиардер қайтыс болды

0
1 129

Баррон Конрад - Hilton қонақүйлер желісінің негізін салушының ұлы. 30 жыл бойы Hilton Hotels Corporation бас директоры қызметін тапжылмай атқарды.


ERNUR.KZ. Hilton қонақ үй желісінің иесі Баррон Хилтон 91 жасында қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы немересі Пэрис Хилтон Twitter-дегі парақшасында жазған.

"Оның аты аңызға айналды, арманшыл, жарқын, мейірімді адам еді және өмірде көп жетістікке жетті, өмірі қызыққа толы болды", – деп жазды немересі.

Пэрис Хилтон бала кезінен атасынан бизнесмен ретінде үлгі алғанын жиі айтатын. Баррон Конрад - Hilton қонақүйлер желісінің негізін салушының ұлы. 30 жыл бойы Hilton Hotels Corporation бас директоры қызметін тапжылмай атқарды. Солайша тынбай қонақ үйлер салып, соның арқасында миллиардер атанды. Баррон 2007 жылы әкесінің істегенін қайталайтынын мәлімдеген. Ал оның әкесі кезінде 2,3 миллиард долларға бағаланған мүліктің 97 пайызын Конрад Хилтон қорына қалдырып, отбасына мүшелерін өзінің тапқан ақшасына мұрагер болу мүмкіндігінен айырған.

91 жастағы Баррон Хилтон да өзінің ақшасына отбасы мүшелері ортақтаса алмайтындай артына мұрагерлік қағаз қалдырып, бұл дүниемен қош айтысты.