Шейх Хасина әскери ұшақпен Үндістанға кеткен.
ERNUR.KZ. Бангладеште наразылыққа шыққандар Премьер-министр Шейх Хасинаның резиденциясына басып кірді. Армия қолбасшысы елді уақытша кабинет басқаратынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Бангладеш армиясының қолбасшысы Ваккер Уз-Заман елдің премьер-министрі Шейх Хасинаның отставкаға кеткенін растады. Бірнеше апта бойы жалғасқан үкіметке қарсы наразылықтар салдарынан елді уақытша үкімет басқарады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ваккер Уз-Заман теледидардан мәлімдеді.