Зауытта шамамен 7-8 мың адам жұмыс істеген.
ERNUR.KZ. Бангладештің Нараянганж қаласындағы шырын шығаратын зауытта болған өрттен 52 адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар24.
United News of Bangladesh агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні жеті қабатты ғимараттан өрт шыққан, оған дәнекерлеу жұмыстары себеп болуы мүмкін. AFP мәліметтері бойынша, өрт әлі толық сөндірілген жоқ.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Зауыт қызметкерлерінің бірінің айтуынша, зардап шеккендердің біразы жоғары қабаттардың терезелерінен секіріп қашпақ болған кезде жарақат алған. Ол сондай-ақ зауытта шамамен 7-8 мың адам жұмыс істегенін, сондықтан өрт құрбандарының саны артуы мүмкін екенін айтты.