Бес есе төмен: Зерттеушілер коронавирусты сирек жұқтыратын жандарды анықтады

0
647

Ғалымдар коронавирус жұқтырған 276 науқасқа зерттеу жүргізеді.


Бес есе төмен: Зерттеушілер коронавирусты сирек жұқтыратын жандарды анықтады

ERNUR.KZ. Қытайлық ғалымдар көзілдірік тағатын адамдардың COVID-19-ды бес есе сирек жұқтыратынын анықтады, деп жазады kaz.nur.kz.

Наньчан университетінің ғалымдары көзілдірік тағатын адамдардың коронавирусқа әлдеқайда сирек шалдығатынын анықтады. Белгілі болғандай, көзілдірік адамдардың көзін уқалауына кедергі келтіреді. Нәтижесінде көз арқылы дертті жұқтыру қаупі азаяды екен. Зерттеудің нәтижелері JAMA Ophthalmology журналында жария болды.


"Қытай елінің 80%-дан астамының көру қабілеті нашар. Сол себепті, елде көзілдірік тағу жайты жиі кездеседі. Осы орайда, Уханьда 2019 жылдың жетоқсанында COVID-19 дерті өршігеннен кейін біз емханаларда көзілдірік киген науқастар өте аз екенін байқадық", - дейді зерттеу авторлары.


Ғалымдар коронавирус жұқтырған 276 науқасқа зерттеу жүргізеді. Олардың 30-ы (10,9%) - көзілдірікті науқастар. 16 адам (5,8%) тәулігіне 8 сағаттан астам уақыт көзілдірігін шешпеген.

Мамандар коронавирус жұқтырғандардың қатарында көзілдірік таққандар 5,4 есе сирек кездесетінін байқаған.


"Біз келесідей тоқтамға келдік: көзілдірікті ұзақ тағатындар арасында COVID-19 жұқтырғандар өте сирек кездеседі. Бұл олардың COVID-19-ға сирек шалдығатынын аңдатады", - дейді зерттеушілер.


Ғалымдар тек бетпердеге мән беретін тұрғындардың көз қорғанысына айтарлықтай бас қатырмайтынын айтуда. Олар көпшілікке көзді барынша уқаламай жүруге тырысу керектігін ескертіп отыр. Себебі, көз де вирус жұқтырудың басты каналдарының бірі дейді олар.