Сәуірде әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500 миллионнан асты.
ERNUR.KZ. Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс алдағы жиырма жылда жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Алдағы 20 жылда әлемде тағы бір пандемия болуының елу процент ықтималдылығы бар", - деді ол.
Сәуірде әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500 миллионнан асты. Дүниежүзінде бұл дерттен 6,3 миллионға жуық адам қайтыс болды.
Еске салсақ, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршіп жатқаны туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғышы жаңа коронавирус екенін анықтады. 2020 жылдың наурыз айында ДДСҰ COVID-19 індетін пандемия деп жариялады.