Футбол аңызы Гиннестің рекордтар кітабына енген тік зиратқа жерленеді.
ERNUR.KZ. Бразилия президенті Болсонаро футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты 29-31 желтоқсан аралығында қаралы күн деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы ел үкіметінің сайтында айтылған.
"Футболшы Пеле Эдсон Арантес ду Насиментоның қайтыс болуына байланысты қайғының белгісі ретінде осы Жарлық жарияланған күннен бастап бүкіл елде үш күн ресми аза тұту жарияланды", - делінген жарлықта.
Үш дүркін әлем чемпионы 29 желтоқсанда 82 жасында қайтыс болды. Пелемен қоштасу рәсімі бразилиялық "Сантос" футбол клубының стадионында өтеді. Футбол аңызы Гиннестің рекордтар кітабына енген тік зиратқа жерленеді.