Бразилияда коронавирустың тағы қауіпті штамы табылды

0
1 325

​24 наурызда Үндістанда қос мутациясы бар коронавирустың жаңа штамы табылғаны хабарланған еді.


Бразилияда коронавирустың тағы қауіпті штамы табылды

ERNUR.KZ. Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл штамда 18 мутация бар көрінеді. Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонти қаласында табылған инфекцияның бұл түрі бұрын анықталған қауіпті COVID-19 түрлеріне тән қасиетіне ие.

Бірқатар мутация британиялық, оңтүстікафрикалық және басқа екі бразилиялық штамдарға тән екені анықталды.

24 наурызда Үндістанда қос мутациясы бар коронавирустың жаңа штамы табылғаны хабарланған еді.

Қазір жергілікті билік мутацияның пайда болуы мен індеттің тез таралуы арасында байланыстың бар-жоқтығын зерттеп жатыр.