Британдықтарға ІІІ Чарльздың таққа отыру құрметіне қосымша демалыс күні берілді

0
1 032

The Guardian Үкімет басшысы бұл күні бүкіл отбасы мен елдегі қауымдастықтар маңызды оқиғаны атап өту үшін өз шаңырағы астына жиналуға мүмкіндік алатынын атап өтті, деп жазады.


Британдықтарға ІІІ Чарльздың таққа отыру құрметіне қосымша демалыс күні берілді

ERNUR.KZ. Ұлыбритания үкіметі 2023 жылдың 8 мамырын ІІІ Чарльз патшаның ұлықтау рәсімінің құрметіне ресми демалыс күндері қатарына енгізді, деп жазады Zakon.kz.

The Guardian Үкімет басшысы бұл күні бүкіл отбасы мен елдегі қауымдастықтар маңызды оқиғаны атап өту үшін өз шаңырағы астына жиналуға мүмкіндік алатынын атап өтті, деп жазады.

"Жаңа монархтың таққа отыруы - біздің еліміз үшін ерекше айтулы оқиға. Осы тарихи оқиғаны атап өтуде келесі жылы бүкіл Ұлыбритания үшін қосымша демалыс күні белгіленетінін жеткізуге қуаныштымын", - Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак


Осылайша, Ұлыбритания тұрғындары 2023 жылдың мамыр айында қосымша екі демалыс күніне ие болды. Тағы біреуі айдың бірінші күніне жоспарланған.

Айта кетсек, Ұлыбритания патшасы - III Чарльздың таққа отыру салтанатты рәсімі 2023 жылдың 6 мамырында, яғни оның анасы ІІ Елизаветаның дүниеден өткеніне сегіз ай толғанда өтеді.

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета 97 жасында 8 қыркүйекте дүниеден озды. Ол 1952 жылы 6 ақпанда 25 жасында таққа отырды. Маусым айында британ жұртшылығы патшайымның тақта отырғандығына 70 жыл толуын атап өтті. Елде 10 қаралы күн жарияланды. Ханзада Чарльз патшайым қайтыс болғаннан кейін бірден монарх ретінде мойындалды. Ол ІІІ Чарльз есімін алды. 10 қыркүйекте ол ресми түрде Ұлыбритания патшасы болып жарияланды.