Брюссельде ЕО мен Орталық Азия ынтымақтастығы талқыланды

0
1 378

"Өзге мемлекеттермен салыстырғанда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі қазір жоғары".


Брюссельде ЕО мен Орталық Азия ынтымақтастығы талқыланды

ERNUR.KZ. Орталық Азия әлемдік саясат пен экономикадағы маңызды өңір. Сондықтан ынтымақтастық орнатқан елдер тек өздерінің қажеттіліктерін ғана емес, аймақтағы мемлекеттердің мүдделерін де ескерген жөн.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы бұрынғы елшісі Қайрат Әбусеитов Брюссельде өткен халықаралық конференцияда осылай деді, деп жазады 24.kz.

Іс-шара Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы серіктестік мәселелеріне арналған. Жиынға қатысқан халықаралық сарапшылар арадағы ынтықмақтастықты нығайту үшін көлік-логистикалық жүйесін дамыту керек дейді.

Сонымен қоса өңірдегі Қазақстанның ролін айрықша атап өтіп, біздің жасыл технологияларды дамытудағы, жасыл сутегін өндіру мен экспорттаудағы әлеуетіне де тоқталды.

Ариэль Коэн, салық пен инвестициялар жөніндегі халықаралық орталық бағдарламасының басқарушы директоры:

"Қазақстанның ұстанып отырған көпвекторлы саясаты, экономикалық байланыстардың тепе-теңдігі, Шығыстан да, Батыстан да инвестиция тартуы - мұның бәрі аса маңызды екенін көріп отырмыз. Соның нәтижесінде өңірдегі өзге мемлекеттермен салыстырғанда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі қазір жоғары. Көрсеткіштер жылдан жылға жақсарып келеді. Ал бұл елді инвестициялық тартымдылығы да артады деген сөз."

Антониа Колибашану, "Geopolitikal Futures" орталығының өкілі:

"Қазақстан - Орталық Азиядағы маңызды серіктестің бірі. Сондықтан сіздердің ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы мүмкіндіктеріңіз мол. Бұған Транскаспий дәлізінің дамуы да септігіні тигізіп отыр. Өйткені бүгінде құрлық арқылы жүк тасымалдаудың басқа баламалы жолдары жоқ."