Зардап шеккендер арасында үш, он бір және он үш жастағы балалар да бар.
ERNUR.KZ. Чикагода Хэллоуин мерекесінде атыс болды. 31 қазанда болған оқиға кезінде 14 адам зардап шекті, оның ішінде үш жасар бала бар, деп жазады zakon.kz.
Чикагоның батысындағы Гарфилд саябағында белгісіз ер адам көпшілікке көліктен оқ жаудырған.
"Салдарынан 14 адам зардап шекті. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр болса, кейбірі жеңіл жарақаттанған. Оқиға орнында бір адамды көлік қағып кетті", – деді Чикаго полициясының аға офицері Дэвид Браун.
Полиция атыс жазылған видеоны зерттеп жатыр. Күдіктінің аты-жөні анықталмады. Атыстың себебі белгісіз.