Дәрігерден қорқып 28 келі ісікпен өмір сүрген

0
1 244

Дәрігер көмегіне жүгінбеу салдарынан әйелдің жүріп тұруы мен тыныс алуы қиындаған


Дәрігерден қорқып 28 келі ісікпен өмір сүрген

фото:Stan.kz.

ERNUR.KZ. Сингапурде 53 жастағы әйелдің денесінен салмағы шамамен 28 келі болатын ісік алынды. Ол дәрігерлерден қорыққандықтан, ауруханаға бармай жүре берген екен. Алайда уақыт өте келе ісік қозғалып, тыныс алуына кедергі келтірген. Пациенттің бойынан жатырдың фибромасы анықталған. Бұл зиянсыз ісік болып табылады, деп жазады Stan.kz.

Алайда ісіктің үлкейіп кеткені сонша, әйелдің қозғалысына ғана емес, демалуына да кедергі келтірген. Ол осындай күйде жарты жыл жүріпті.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің денесінде пайда болған ісік асқабаққа ұқсайды әрі оның құрсақ қуысы мен жабасына жайылып кеткен. Мамандар ісікті алып тастау үшін, науқастың жатыры мен аналық безін алып тастауға мәжбүр болды.

Әйелдің денесінде фиброма қашан пайда болғаны белгісіз. Алайда оның 28 келіге дейін үлкеюі үшін кемінде 5 жыл кеткен.

Бұл орайда мамандар әйелдің тамақтанған және зәр шығарған кезде жайсыздық сезінбегенін атап өтті. Демек, оның денесіндегі ісіктің көлемінің ұлғаюы өте баяу жүрген деп топшылап отыр.

Өз кезегінде пациент отадан қорыққандықтан, дәрігерлерге жүгінбегенін мойындады.

Қазіргі уақытта оның жағдайды қалыпты.