ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

0
510

Бұл вакцина аурудың таралуын тежеп, алдын алады дейді.


ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

ERNUR.KZ. Даниялық өндіруші Bavarian Nordic A/S компаниясы маймыл шешегіне қарсы MVA-BN вакцинасын жасап шықты, деп жазады Stan.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталмыш вакцинаны мақұлдап, маймыл шешегіне қарсы алғашқы ем деп атады.

MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқандар араға 1 ай салып, екі дозада инъекция түрінде алуына болады.

Бұл вакцина аурудың таралуын тежеп, алдын алады дейді.

Бұған дейін ДДСҰ Африкадағы маймыл шешегінің індетін халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық эпидемиологиялық төтенше жағдай деп жариялады.