ДДСҰ пандемия кезінде антибиотиктерді қолдану қаупі туралы ескертті

0
845

Цефалоспорин класындағы антибиотиктердің үшінші буыны жақын арада тиімділігін жоғалтуы мүмкін,


ДДСҰ пандемия кезінде антибиотиктерді қолдану қаупі туралы ескертті

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясы кезінде препараттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан антибиотикке төзімділіктің күрт өсуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы ДДСҰ-ның Еуропа аймағы бойынша жүргізген зерттеуінде жазылған, деп жазады Stan.kz.

"Адамдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің антибиотиктерді ұзақ уақыт қолдануы проблемасын COVID-19 пандемиясы күшейтеді... Антибиотиктер COVID-19 сияқты инфекцияларды емдемейтініне немесе алдын алмайтынына қарамастан, еуропалық аймақтың тоғыз елі мен аймағында жүргізілген адамдардың мінез-құлқын зерттеу нәтижелері пандемия кезінде антибиотиктерді қолдану жаңа жағдайлардың санымен бірге өскенін көрсетеді", - делінген ДДСҰ Еуропалық бюросының хабарламасында.

Зерттеулерге сәйкес, антибиотиктерді қабылдағандардың 79-96 пайызы COVID-19-ды жұқтырмаған, бірақ оны вирус жұқпауы үшін ішкен.

Ауруханаға түскендердің ішінде пациенттердің тек 15 пайызы антибиотиктерге мұқтаж болды, өйткені оларда бактериялық инфекциялар анықталды, бірақ дәрі-дәрмектер жұқтырғандардың 75 пайызына берілді.

Атап айтқанда, цефалоспорин класындағы антибиотиктердің үшінші буыны жақын арада тиімділігін жоғалтуы мүмкін, өйткені Еуропаның бірқатар медициналық мекемелері COVID-19 пандемиясының басында вирусты осындай препараттармен емдеуге тырысқан.