ДДСҰ сарапшылары Үндістанның белгісіз ауру шыққан қаласына барды

0
1 075

Белгісіз ауруды 593 адам жұқтырған.


ДДСҰ сарапшылары Үндістанның белгісіз ауру шыққан қаласына барды

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының екі маманы Үндістанның Элуру қаласына барды, деп хабарлайды Хабар24.

Аталған қалада соңғы мәліметтер бойынша 593 адам белгісіз аурудан зардап шекті.

Элуру қаласы мен оның маңындағы елді мекендерде белгісіз аурудың өршуі өткен жексенбіде басталды. Аурудың белгілері – үш-бес минуттық эпилепсия ұстамалары, бірнеше минут бойы есін жоғалту, кенет естен тану, бас ауруы және бел ауруы.