Екі метрлік iPhone 15 Pro Max Гиннестің рекордтар кітабына енді

0
143

Корпус алюминийден жасалған, дисплей ретінде 88 дюймдік теледидар орнатылған.


Екі метрлік iPhone 15 Pro Max Гиннестің рекордтар кітабына енді

ERNUR.KZ. YouTube блогерлері салмағы 200 келі болатын екі метрлік iPhone 15 Pro Max жинап шықты. Бұл құрылғы смартфонның ең үлкен көшірмесі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп жазады inform.kz.

Корпус алюминийден жасалған, дисплей ретінде 88 дюймдік теледидар орнатылған, сенсорлық экран қосылған, камера линзаларын имитациялау үшін Canon EOS R5 және Sony RX10 Mark камералары пайдаланылған.

Олар iOS имитациясын жасау үшін Android жүйесінде iOS іске қосу құралын орнатты. Смартфон толығымен жұмыс істейді, оны жасауға 3 ай және 70 000 доллар жұмсалған.

Еске сала кетейік, бұған дейін үндістандық кинорежиссер Сохам Шах Netflix стримингтік платформасын сотқа бергенін жазған болатынбыз. Ол америкалық компания түсірген Оңтүстік Кореяның «Кальмар ойыны» телехикаясы оның «Фортуна» үнді фильмінің плагиаты екенін айтты.